$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай бір палаталы Парламент құру мәселесіне қатысты пікір білдірді

Жолдауда айтылған бастамалар уақыт талабынай сай шешім болып отыр дейді ол

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай бір палаталы Парламент құру мәселесіне қатысты пікір білдірді
Фото: https://www.facebook.com/BibigulZheksenbay

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – Қазақстанды цифрлық дәуірге жетелейтін стратегиялық құжат. Бұл жайлы Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаңа ұлттық идея ретінде айқындауы – уақыт талабына сай батыл шешім. «Digital Qazaqstan» бағдарламасы аясында жасанды интеллектіні кеңінен қолдану еліміздің технологиялық әлеуетін күшейтіп, Қазақстанды жаһандық бәсекеде алдыңғы қатарға шығаратынына сенімдімін. Инвестициялық саясаттың шикізатқа ғана емес, жоғары технологиялар мен өңдеуші өнеркәсіпке бағытталуы – еліміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ауыл шаруашылығына бөлінетін ауқымды қаржы мен инновациялық тәсілдер ауыл еңбеккерлерінің еңбегін жеңілдетіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттырады», - дейді депутат.

Депутаттың айтуынша, президент шағын және орта бизнес экономиканың қозғаушы күші екенін айқындап, жаңа міндеттер жүктеген. 

«Бюрократиялық кедергілерді азайту мен салық мәдениетін дамыту кәсіпкерлердің дамуына серпін береді. Сондай-ақ, білім саласына жасанды интеллектіні енгізу – жастардың сапалы білім алуына жаңа жол ашады. Бір палаталы Парламент құру мәселесінің референдум арқылы халық талқысына шығуы демократияның айқын көрінісі. Бұл қадам саяси жүйені ықшамдап, Парламентті халыққа барынша жақындатады деп сенемін. Президент Жолдауы Қазақстанның болашағына сенім ұялататын бағдар. Цифрландыру, жасанды интеллект, инвестициялар мен білім – біздің елді жаңа биікке шығаратын басты күш. Әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған осы бастамаларды барынша қолдаймын», - деді Жексенбай.

 

 

Серіктес жаңалықтары