Ол желі қолданушыларының көңілінде «Сәуле» деген есімімен қалды
Желіде dragon_knm1 лақап атымен танымал блогер Нұргелді Кердеш анасының қазасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ата-анасымен әзіл-сықақ аралас видео түсіріп, «Сәуле» деген атымен танылған блогердің анасы қатерлі дертке шалдыққаны белгілі болды.
«Өткен жұма күні өкінішке қарай, анамыз бақилыққа аттанып кетті. Әлеуметтік желіде көбісі себебі туралы сұрап жатыр. Бүгін осы видеоны арнайы түсіріп, себебін түсіндіріп кеткім келіп отыр. Осыдан 5 жыл бұрын анамызға қатерлі ісік диагнозы қойылған. Осы 5 жыл бойы дертпен күресіп келдік. Шипасы болады деген емнің бәрін қолдандық. Шетелге де бардық. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық.
Алайда, өкінішке қарай, Жаратқанның қалауымен анамыз бұл өмірден аттанып кетті. Маған жазған хаттарыңыздың бәрін оқып отырмын. Анам үшін дұға жасап жатқандарыңызға алғысым шексіз.
Сөз соңында жақындарыңызға жанашыр болыңыздар дегім келеді. Ата-аналарыңыздың жанында көбірек уақыт өткізіңіздер», – дейді блогер.
Айта кетейік, осыған дейін танымал блогер анасынан айырылып қалғаны жөнінде хабарланған болатын.