$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда соңғы үш айда ондаған есірткі алқабы табылды

ІІМ «Қарасора-2025» операциясын жүргізіп жатыр

Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп келеді. Негізгі мақсат – есірткі өсімдіктерінің табиғи ошақтары мен заңсыз егістерін жою, есірткі зертханалары мен жеткізу арналарының жолын кесу және ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеу, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арнайы операциялар мен тәркіленген есірткілер

Операцияға ІІМ-нің арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұлан тартылды. Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтар белсенді қолданылып, үш ай ішінде 40 әуе ұшуы жасалды. Нәтижесінде:

  • 20 есірткі егістігі анықталды;
  • 5 мыңнан астам есірткі өсімдігі жойылды;
  • 1 тоннадан астам заңсыз өнім тәркіленді.

Ұлытау облысында оңтүстіктен орталық пен солтүстікке жеткізу арнасы тоқтатылып, құрамында 4 адам бар қылмыстық топ ұсталды. Олардан қару-жарақ пен 103 келі марихуана алынды. Жамбыл облысында 206 келіден астам марихуана дайындаған 2 азамат қолға түсті. БҚО-да жылыжайда өсірілген қарасора табылып, 135 келі есірткі жойылды. Түркістан облысында арнайы топ 650 келіден астам қарасора мен 48 келі көкнәр тәркіледі. Сондай-ақ Жезқазған мен Сәтбаевта заңсыз тасымалданған 43 тоннадан астам көкнәр анықталды.

Үш айдың қорытындысы

«Қарасора-2025» операциясының нәтижесінде:

  • 677 есірткі қылмысы әшкереленді (оның ішінде 242 – сату, 220 – заңсыз егіс);
  • 2 тонна марихуана, 47 келі гашиш, 3 тонна қарасора, 155 келі синтетикалық есірткі мен 8,5 тонна прекурсор тәркіленді;
  • 27 мыңнан астам есірткі өсімдігі жойылды;
  • 9 зертхана жойылып, 3 ұйымдасқан қылмыстық топ, соның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды.

ІІМ атап өткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл кешенді әрі жүйелі түрде жалғаса береді.

Серіктес жаңалықтары