Істі қарау сатысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты
Жамбыл облысының тұрғыны 1,4 млн теңгеден астам ақша алып, қайтармай қойған жігітті сотқа берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талап қоюшы мен жауапкер 2025 жылдың маусым айында «TikTok» әлеуметтік желісінде танысты. Кейінірек жауапкер қиын өмірлік жағдайға тап болғанын айтып, талап қоюшыдан бірнеше рет қарыз сұраған.
«Жауапкер Түркияға операцияға баратынын, қайтып оралғаннан кейін қарызын қайтаратынын және операциядан кейін оянғаннан кейін хабарласатынын айтқан, бірақ байланысқа шықпаған. Жауапкер талап қоюшыдан жалпы 1,4 млн теңгеден астам ақша алды», - деп хабарлад Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі.
Талап қоюшы сотқа жауапкерден 1,4 млн теңге мөлшеріндегі қарыз сомасын және 1 млн теңге мөлшеріндегі моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.
Істі қарау сатысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты. Келісімге сәйкес жауапкер талап қоюшыға 1,4 млн теңге мөлшерінде қарыз сомасын төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы жауапкерге қандай да бір талаптан бас тартады.
Сот келісімді бекітті, іс өндірісімен тоқтатылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.