$ 535.13  627.44  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында асаба әкесін сабады: оқиға куәгері жантүршігерлік ақпаратты бөлісті

Әкесін аяусыз ұрған Алмас Садақбаев жайлы тың ақпарат шықты

Түркістан облысында асаба әкесін сабады: оқиға куәгері жантүршігерлік ақпаратты бөлісті
Фото: instagram.com/almas_sadakbaev

Журналист Руслан Өтепбай Түркістан облысында ер адамның әкесін сабағанын өз көзімен көрген тұрғынның сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналистің айтуынша Алмас Садақбаевтың әлеуметтік желідегі жазбаларынан оның үздік асаба, мәдениет үйінің қызметкері екенін аңғаруға болады. Тіпті ауыл шенділерімен бірге қарияларды құрметтеу акциясына қатысқан.

Алайда мұның барлығы мәдениетшіл адамның тек сыртқы көрінісі болып шықты. Әкесін ұрып-соққан азаматтың шын бейнесін оқиғаны өз көзімен көрген куәгер баяндап берді.

«Менің көргенім, бер жағы екен. Не түнде ұйқы жоқ, не күндіз ұйқы бермейді екен. Дәрет сындырып қоясың деп, құдайдың құтты күні ұрады екен. Сіңліме айтып жүріп, видеоға түсірткіздім», - дейді куәгер.

Руслан Өтепбай ұлынан таяқ жеген ақсақал о дүниелік болып кеткенін айтып, өкініш білдірді.

Еске сала кетейік, видео желіге тараған соң полиция күдіктіні изоляторға қамады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары