«Есек, аяғыңды бас»: Түркістан облысында ер адам әкесін аяусыз ұрды – полиция не дейді (ВИДЕО)
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Осыған орай облыстық өңірдегі полиция департаменті түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» , - деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске сала кетейік, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Онда ер адам қарияны боқтап, «есек, аяғыңды бас» деген секілді ауыр сөздер айтқан. Жұлқылап, ұрып-соққан. Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырды.