Карлос Алькарас US Open чемпионы атанды
Ол финалда әлемдік рейтинг көшбасшысын жеңді

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас АҚШ-та өткен US Open – 2025 турнирінің чемпионы атанып, биылғы маусымда жетінші титулына қол жеткізді. Финалда ол әлемдік рейтинг көшбасшысы Янник Синнерді 6:2, 3:6, 6:1, 6:4 есебімен ұтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алькарас – табыс бойынша үздіктер қатарында
Осы жеңісінен кейін спортшының карьерасындағы табысы 53,5 млн долларға жетіп, бұл көрсеткіш бойынша тарихтағы алтыншы орынға көтерілді. Ол тек Новак Джокович, Рафаэль Надаль, Роджер Федерер, Энди Маррей және Александр Зверев сынды теннисшілерге ғана жол беріп отыр. 2025 жылғы маусымда Алькарас 15,6 млн доллар табыс тауып, турда бірінші орынға шықты.
Жеті титул – бір маусымда
Бұл трофей – испаниялық теннисшінің осы маусымдағы жетінші, ал карьерасындағы 23-жеңісі болды. Бұл нәтижеден кейін ол әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде қайтадан бірінші орынға оралады.