$ 535.13  627.44  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның біраз қаласында экология нашарлайды

Синоптиктер ауасы ластанған қалалардың атын атады

Бүгін Қазақстанның біраз қаласында экология нашарлайды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 8 қыркүйек күні еліміздің сегіз қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл құбылыс ауа райы факторларының үйлесімінен туындайды. Мұндай жағдайда зиянды қоспалар жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмай қалады.

«2025 жылғы 8 қыркүйекте қолайсыз метеожағдайлар Алматы, Орал, Өскемен, Атырау қалаларында, ал түнде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) деген не және ол неге қауіпті?

ҚМЖ – бұл мынадай ауа райы құбылыстары:

  • тымық ауа;
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия.

Осылар ластаушы заттардың таралуына кедергі жасап, олардың шоғырлануына әкеледі. Бұл, әсіресе, тығыз құрылыс салынған аудандарда немесе өнеркәсіптік аймақтарда ауаның сапасын уақытша нашарлатады.

Серіктес жаңалықтары