Жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылған
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Костанай облысының Жангелдин ауданында кқбөкен өлекселері тасталды деген ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«6 қыркүйек 2025 жылы тараған ақпаратты тексеру мақсатында оқиға орнына акимат пен ветеринарлық қызмет өкілдері бар жұмыс тобы жіберілді. Тексеру барысында ешқандай қалдықтар табылған жоқ. Аймақ толықтай зерттеліп, акт толтырылды», – делінген министрліктің хабарламасында.
Министрлік жалған ақпараттың таралуына алаңдаушылық білдірді. Ақбөкен өлекселері утилизациясыз қалды деген мәлімет расталған жоқ.
Сонымен қатар, ведомство Қазақстанда жалған немесе тексерілмеген ақпарат таратқандар заң алдында жауапқа тартылатынын ескертті. Бұл жауапкершілікке әкімшілік айыппұлдармен қатар, Қылмыстық кодекс бойынша қатаң жаза да қарастырылған.