$ 535.13  627.44  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан оқушысы экономика бойынша халықаралық олимпиадада жеңіске жетті

Ол АҚШ, Қытай және Еуропаның үздік оқушыларын артта қалдырды

Қазақстан оқушысы экономика бойынша халықаралық олимпиадада жеңіске жетті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Астанадағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Батырхан Мұхтархан Грекияда өткен EO-2025 халықаралық экономика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды. Ол АҚШ, Қытай және Еуропаның үздік оқушыларын артта қалдырды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

Олимпиада қалай өтті?

Биылғы олимпиадаға әлем бойынша 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді. Ұлттық кезеңнен өткендердің ішінен 28 елден 128 үздік оқушы финалға жолдама алды.

Финалда қатысушылар экономика мен қаржы саласындағы:

  • теориялық тапсырмаларды орындады;
  • нақты жағдайларға негізделген кейстерді талдады;
  • қаржылық шешімдердің моделін жасады.

Батырхан барлық кезеңнен сенімді өтіп, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.

Жас чемпионның жетістіктері

Бұл жеңіс – Батырханның алғашқы табысы емес. Соңғы жылдары ол бірнеше ірі жарыста көзге түсті:

  • Қазақстандағы экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиада – қола;
  • IEO-2024, Гонконг – қола;
  •  IEO-2025, Әзербайжан – алтын;
  • EFI олимпиадасы, Қазақстан – жеңімпаз.

Ал EO-2025 олимпиадасындағы жеңіс – оның ең жоғары жетістігі болып отыр.

Батырханның пікірі

«Мен үшін бастысы – жаңа нәрсені үйрену, күрделі тапсырмаларды шешу және өзімді дамыту. Жетістіктерім арқылы замандастарымды шабыттандырғым келеді», – деді Батырхан Мұхтархан.

Серіктес жаңалықтары