$ 535.13  627.44  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талғардағы оқиға: прокурорлар полицейлердің әрекетсіздігіне қатысты іс қозғады

Қазіргі таңда істі арнайы прокурорлар өндіріске алды

Талғардағы оқиға: прокурорлар полицейлердің әрекетсіздігіне қатысты іс қозғады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданында ер адамды өлтіру және кішкентай қызды ұрлау ісіне байланысты полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қандай бап бойынша іс қозғалды?

«6 қыркүйекте Алматы облысының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 370-бабының 4-бөлігі (Лауазымды тұлғаның әрекетсіздігі) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Іс Талғар аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің күдіктіні дер кезінде ұстау бойынша шара қолданбауымен байланысты. Ол кейіннен ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қызды ұрлап кеткен», – делінген ресми хабарламада.

Тергеу қалай жүріп жатыр?

Қазіргі таңда істі арнайы прокурорлар өндіріске алды. Алматы облыстық прокуратурасы тергеу барысы ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Сонымен бірге, ведомство қоғамды тек ресми дереккөзге сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары