Нұр-Сұлтанда автобус парктері мен автобустарда дезинфекция жасалды

20-21 маусымда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтанда автобус парктері мен автобустарда дезинфекция жасалды

20-21 маусым күндері Нұр-Сұлтанда адам көп жиналатын жерлерде ауқымды дезинфекция жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қалалық қызметтермен қатар автобус парктері де дезинфекция жұмыстарына қатысты. Дезинфекция автобустар мен автопарк ғимараттарында жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. 22 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы бағдарлардың қозғалысы қайта жанданады. Экспресс бағдарлардың линияға шығуы туралы ақпарат қосымша беріледі.

«Бағдарларда күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жүргізушілер соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жұмыстарын одан әрі қарай да жүргізеді. Жолаушылардан бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз — автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол жүру ақысы қолма-қол қаржысыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді», - деп жазылған хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.