$ 535.13  627.44  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысының тұрғындары 129 қаруды полицияға тапсырды

Барлығы 98 азаматтан өтініш түсті

Жамбыл облысының тұрғындары 129 қаруды полицияға тапсырды
Фото: облыстық полиция департаменті

Жамбыл облысында заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыру бойынша республикалық акция аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ішкі істер органдарының мәліметінше, шара аясында тұрғындар ерікті түрде 129 қаруды полицияға өткізді. Оның ішінде:

  • 17 ойық ұңғылы қару;
  • 112 тегіс ұңғылы қару.

Барлығы 98 азаматтан өтініш түсіп, оларға мемлекет тарапынан өтемақы төленді.

Қанша қаржы бөлінді?

Акцияға республикалық бюджеттен 10,8 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Тұрғындарға өтемақы ретінде жалпы сомасы 10 млн 895 мың 572 теңге төленді.

Полицияның пікірі

Облыстық полиция департаменті мұндай шаралар қоғамдағы құқықтық мәдениеттің артқанының белгісі екенін атап өтті.

«Тұрғындардың белсенділігі азаматтардың құқықтық санасының өскенін және қоғамдық қауіпсіздікке үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді. Мұндай акциялар қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алуға әрі халықтың полицияға сенімін арттыруға ықпал етеді», – делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары