Көкшетауда 9 жастағы балаға шұғыл әуе рейсі ұйымдастырылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Балаға шұғыл медициналық көмек қажет болған

Фото: ТЖМ

6 қыркүйек күні Көкшетаудан Есілге және қайта Көкшетауға бағытталған шұғыл әуе рейсіорындалды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәліметке сәйкес, 2016 жылы туған 9 жасар балаға шұғыл мамандандырылған медициналық көмек қажет болған. Осыған байланысты «Қазавиаспас» экипажы мен медициналық авиация бригадасы арнайы рейсті дереу ұйымдастырды.

Рейстің бағыты

Әуе кемесі мына бағыт бойынша ұшып шықты:

  • Көкшетау – Есіл;
  • Есіл – Көкшетау.

Пациент қажетті емді жедел түрде алуы үшін ұшақ дер кезінде қонды.