06.09.2025, 15:47
Жаңалықтар
Ақтауда битум зауытында өрт шықты
Өрт 30 минутта сөндірілді
Фото: Caspi Bitum
6 қыркүйек күні таңертең Ақтаудағы «Caspi Bitum» битум зауытында өрт шықты. «ҚазМұнайГаз» компаниясының хабарлауынша, сағат 08:05-те атмосфералық колоннаға апаратын құбырда от тұтанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өртті сөндіру жұмыстары
Зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесі іске қосылып, мамандардың жедел әрекеті нәтижесінде өрт 08:32-де толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге:
- «Caspi Bitum» кәсіпорнының өз өрт сөндіру жүйесі;
- «Семсер-Өрт Сөндіруші» мамандары;
- Ақтау қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметі қатысты.
Компанияның ресми мәлімдемесінде «Зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ» деп хабарланды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды