06.09.2025, 07:50
Жаңалықтар
Ақтоғайда денсаулығы күрт нашарлаған қарт кісі Павлодарға шұғыл жағдайда тікұшақпен жеткізілді
Ұшу кезінде науқастың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды
Фото: istockphoto.com
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипажы шұғыл медициналық рейс орындап, 1959 жылы туған зейнеткерді өкпе артериясының тромбоэмболиясы диагнозымен арнайы медициналық көмек алу үшін Ақтоғай ауданынан Павлодарға жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшу кезінде науқастың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Ол Павлодардағы медицина қызметкерлеріне тапсырылғанға дейін оның жағдайы үздіксіз қадағаланды.
«Операцияны тәжірибелі экипаж мүшелері – Керім Саукинбек, Азамат Әсілхан және Дәурен Шахабаев орындады. Команданың үйлесімді іс-қимылдары ер адамды тез және қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік берді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды