$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мектеп оқушысын ұрып-соғып, зорлаған: атышулы оқиғаның мән-жайы айтылды

Алматы облысында 11-сынып оқушысына қатысты ауыр қылмыс жасалды

Алматы облысында 16 жастағы мектеп оқушысына екі әйел тарапынан жасалған зорлық-зомбылықтың себептері белгілі болды. Жәбірленушінің анасы оқиғаның видеосын көрсетіп, қызын бейтаныс екі әйелдің ұрлап әкетіп, соққыға жығып, жыныстық зорлық жасағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызғаныш себеп болған

КТК телеканалына берген сұхбатында анасы оқушы қызының болашақта заң факультетіне оқуға түспек болғанын айтты. Осы мақсатта оған бір танысы көмектеспек болған. Бір күні күтпеген жерден қыз балаға өзін сол ер адамның қалыңдығымын деп таныстырған бейтаныс әйел хабарласып, қызғаныштан оны жазалауды ұйғарған.

Қорлау мен азаптау әрекеттері

Күдіктілердің бірі қызды көлікке күштеп отырғызып, қолын темекімен күйдірген. Кейін оны елсіз жерге апарып, аяусыз ұрып-соғып, тіпті аяқтарын сүйгізуге мәжбүрлеген. Анасының айтуынша, олар одан әрі қызды қорлап, сорақы әрекеттерге барған.

Құқық қорғаушылардың әрекеті

Қазіргі таңда күдікті екі әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары