Әнші Айқын Төлепбергеннің сахнадағы ерсі әрекеті жұртты ұялтты (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиға концерттердің бірінде болды

Фото: instagram.com/aikyn/

Әнші Айқын Төлепбергеннің концерттерінің бірінде сахнадағы ерсі әрекеті жұртты ұялтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші сахна сыртында плакат дайындап келіп тұрған тыңдарманын арнайы шақырып, бетінен бірнеше рет сүйеді. Міне дәл осы әрекеті жұрттың ренішіне себеп болды.

«Бөтен қызды сүйіп алғаны несі?», «Жас қыз десе өліп тұр ма?», «Ана балаларды сүйреп не болды сонша. Суретке түсе салса болмады ма», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін әншінің әйелі Жұлдыз Өмірғалиеваның анасы қызы мен Айқынның некесіне қарсы болғанын айтқаны хабарланған болатын.