Жұлдыз Өмірғалиеваның анасы қызы мен Айқынның некесіне қарсы болғанын айтты

Azattyq Rýhy

Жұлдызды жұптың ата-аналары сұхбат берді

Жұлдыз Өмірғалиеваның анасы қызы мен Айқынның некесіне қарсы болғанын айтты
Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official Читайте больше: https://www.nur.kz/showbiz/personal-life/2000305-zhuldyz-omirgali-rasskazala-chto-aykyn-obespechil-chetveryh-detey-sobstvennym-zhilem/

Отандық әнші Айқын Төлепбергеннің жары Жұлдыз Өмірғалиеваның жақындары жұлдызды жұптың шаңырақ көтеруіне қарсы болған екен. Бұл туралы Жұлдыздың анасы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Астарлы ақиқат» бағдарламасында Жұлдыз Өмірғалиеваның анасы Ақмарал Жақсылыққызы қызының әншімен қарым-қатынасы туралы жаңалықты қалай қабылдағанын айтты.

«Қызым Айқын деген жігітпен сөйлесіп жүргенін айтты. Екеуі кездесіп жүрлі. Мен өзім Айқынның отбасы туралы естімегенмін. Содан бір күні түннің ортасында қызым хабарласып, қатты жылады. «Айқынның отбасы бар екен» деп жылады. Солан кейін екеуі біраз уақыт сөйлеспей жүрді. Бір-екі айдан кейін «Айқын қайтадан келіп жүр, кетпейді, жақсы көрем дейді» деген әңгімелерді айтты. Шыны керек, мен қарсы болдым. Атасы да, апасы да қарсы болды. Бірақ екеуі қосылды. Сонымен құдалық жасадық», - деді Жұлдыздың анасы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.