ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Оқиға бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр

Павлодарда жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Павлодар қаласында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 5 қыркүйек күні Lexus GX 470 маркалы көлікті басқарған жүргізуші Академик Сәтпаев көшесімен қозғалу барысында реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінен жүгіріп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала тексеру үшін ауруханаға жеткізілді. Көлік құралы айыптұраққа қойылды.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, және көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалаудың маңыздылығын еске салады», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары