Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты
ОСК оны жоққа шығарды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Гүлнар Бажкенованың ресурстарында (Orda және Bazhkenova vs.) Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің қамауға алынғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Орталық әдейі жалған мәлімет тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіріп, болып жатқан оқиғаларға қатысты бұрмаланған көзқарас қалыптастыратынын атап өтеді», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату және оны таратуға жәрдемдесу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Еске салсақ, бүгін отандық БАҚ пен Telegram арналарында Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді.