ТЖМ үш облыс пен екі қалада өрт қауіпі күшейгенін ескертті

Автор: Бақыт Шынар

Бұл өңірлерде күн ашық болады

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі үш облыс пен екі қалада өрт қауінің ең жоғары деңгейі – бесінші деңгей жарияланғанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында өрт қауіпінің ең жоғары 5-деңгейі жарияланып отыр.

«Жалпы, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыс, оңтүстік-батыс аймақтарда қатты жаңбыр, солтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста күн ашық болады», - деп хабарлайды ТЖМ.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, батыста және орталықта түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.