$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында фельдшерді травматикалық тапаншамен атқан ер адам сотталып кетті

Олар татуласқанына қарамастан сотталып кетті

Жамбыл облысында фельдшерді травматикалық тапаншамен атқан ер адам сотталып кетті
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Жамбыл облысында ер адам жанжал кезінде фельдшерді қарумен атып жіберген. Осы оқиғаға қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға қалай өрбіді

Оқиға биыл шілде айында Байзақ ауданындағы стоматологиялық емхана маңында болған. Айыпталушы М. мен жәбірленуші Д. арасында ауызша жанжал туындап, ол тез арада қақтығысқа ұласқан.

Жанжалдың қызған кезінде М. сөмкесінен травматикалық оқ-дәрілермен ататын тапанша шығарып, қарсыласының кеудесінің сол жағына оқ атқан. Кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен.

«Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушімен татуласқанын және оған келтірілген шығынды өтегенін айтты. Жәбірленуші де М.-ды кешіргенін растап, соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады», – делінген сот хабарламасында.

Сот қандай шешім қабылдады

Сот айыпталушының шын өкінгенін және залалды толық өтегенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.

Байзақ аудандық сотының үкімімен М. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі («Қаруды заңсыз сақтау») және 293-бабы 3-бөлігі («Қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда ҚК-тің 63-бабына сәйкес жаза шартты деп есептелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары