Ол енді 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Құқық қорғау органдары аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Ол жұртқа Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға қысқа және ұзақ мерзімді виза алып беремін деп сендірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін күдікті 60-тан астам адаммен жалған несиелік келісімшарттар жасасып, әрекетін азаматтық-құқықтық мәміле ретінде жасыруға тырысқан.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 330 миллион теңгеден асатыны белгілі болды.
Күдіктінің әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сараланып, сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Прокуратура алаяқтық жасаған жағдайда мүлікті тәркілеумен қатар, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді.