22 адам полицияға жеткізілді
Алматы қаласында полицейлер «Скупщик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде Медеу ауданында ұрланған заттарды сатып алумен айналысқан 22 адам ұсталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Әр дерек бойынша тексеру жүргізіліп, хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Криминалдық полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда қалта ұрлығы 2,3 есеге азайған. Сонымен қатар бөтеннің мүлкін ұрлау деректерінің ашылуы жақсарды.
Қалада ұялы телефон ұрлығы деректері екі есеге жуық төмендеді. Мұндай қылмыстардың ашылу деңгейі де 19,4%-ға артқан.
Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, «Скупщик» іс-шарасы ұрланған мүлікті қабылдап, сатумен айналысатындарды анықтауға бағытталған.
«Дәл осындай адамдар сұраныс тудырып, қылмыстардың жасалуына итермелейді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар жалғасады», – деді ол.