Олардың ісі қалалық сотта қаралды
Көкшетау қалалық соты 19-23 жас аралығындағы үш жас жігіттің ісін қарады. Олар әлеуметтік желі арқылы танысқан қызға келген жігітті алдап пәтерге шақырып, кейін көлікке отырғызып, қала сыртындағы бос жерге апарған. Жәбірленушіні ұрып-соғып, мүлкін беруге және мобильді банкинг арқылы ақша аударуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәбірленуші Т. әлеуметтік желі арқылы танысқан қызға кездесу үшін Көкшетауға келген. Қыздың қауіпсіздігі үшін Б.-дан оны пәтерге жеткізуді өтінген. Алайда Б.-мен бірге Д. және Ш. де барған.
Пәтерге келген соң олардың ойына жәбірленушіні бопсалау жоспары келген. Жігітті көлікке отырғызып, қала сыртындағы адам жоқ жерге апарып, ұрып-соғып, ақшасы мен мүлкін талап еткен. Кейін олар заңсыз әрекеттерін пәтерде жалғастырған.
Қорқыту мен зорлық-зомбылықтың әсерінен жәбірленуші:
Сот-медициналық сараптама оның денесінде көгерген және сыдырылған жарақаттар барын анықтады.
Істі қараған сот айыпталушылардың кінәсін толық дәлелденген деп тапты.
Сот қылмыс кезінде пайдаланылған Mitsubishi Pajero Sport көлігін тәркілеу туралы шешім шығарды.