Аудитті ИКАО-ның төрт сарапшысынан құралған топ жүргізуде
Қазақстанда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік бойынша аудиті басталды. Тексеру барысында Алматы мен Астана әуежайларының жұмысы, сондай-ақ қазақстандық әуе компаниялардың қызметі бағаланбақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2 қыркүйекте ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ИКАО халықаралық сарапшыларымен кездесті. Тараптар USAP-CMA бағдарламасы аясында өтетін тексерістің барысын талқылады.
Аудитті ИКАО-ның төрт сарапшысынан құралған топ жүргізуде. 2-14 қыркүйек аралығында Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік жүйесі жан-жақты бағаланады.
Халықаралық аудит барысында мына нысандар тексеріледі:
Сарапшылар Қазақстан заңнамасының ИКАО халықаралық стандарттары мен ұсынымдарына сәйкестігінерекше назарда ұстайды.
ҚР авиациялық қауіпсіздік бойынша қолданыстағы ИКАО аудитінің көрсеткіші – 83%. Бұл деңгейді алдағы уақытта жақсарту жоспарланған.