«Бұл қандай той?»: желіде жасы үлкен ер мен әйелдің тойында түсірілген видео тарады
Желіде тойда түсірілген видеоның үзіндісі жарияланды

Әлеуметтік желіде жасы үлкен кісілердің үйлену тойында түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға назар аударсақ, жаңадан отбасы құрғандардың қасында өздері қатарлы жігіт-қыз жолдас барын байқауға болады. Бұл шынымен үйлену тойында түсірілген сәт пе, әлде кино немесе клиптің үзіндісі ме, әзірге белгісіз.
Желі қолданушылары желіде таралған видеоға қатысты түрлі пікірлер жариялады. Бірі қолдау көрсетсе, енді бірі оң бағалаған жоқ
«Мұндай жасқа келіп, жастар секілді той жасаған ұят секілді», «Мен 25 жаста үйленіп, өзімді кәрі сезініп жүрсем», «Керемет! Той тойға ұлассын! Еш айыбы жоқ, тек жақсылық болсын», «Күміс той шығар», «Қандай жас болса да бақытқа лайықты жандар!», «Біздің атамыз бен апамыз алтын тойын жасаған», - деп жазды желі қолданушылары.