$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелге жұмысқа алдап шақырған: қазақстандық әйел Оман елінен құтқарылды

Әйелдерді шетелге еңбекке пайдалану үшін әкету әрекеті тоқтатылды

Шетелге жұмысқа алдап шақырған: қазақстандық әйел Оман елінен құтқарылды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласы прокуратурасы, ҰҚК департаменті, Интерпол және Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы елшілігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде қазақстандық азаматшаны шетелге заңсыз әкету әрекетіне жол берілмеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шетелдік азаматтың жалған ұсынысы

Тергеу барысында әйелдің ұзақ уақыт бойы «Ханифа» есімді шетелдік азаматпен байланыста болғаны анықталды. Ол бірнеше рет Таяу Шығыс елдеріне тиімді жұмысқа орналастыруды ұсынып, әйелді шетелге көшуге үгіттеген.

Жәбірленуші қалай құтқарылды?

Әйел жақындарына айтпастан өз бетінше ұшып кеткен. Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына қонған сәтте, жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ұсталып, сол күні Қазақстанға қайтарылды.

Прокуратураның ескертуі

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар түскен жағдайда қырағылық танытып, ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырды. Әйтпесе олар алаяқтар мен адам саудасымен айналысушылардың құрбанына айналуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары