03.09.2025, 00:29
Жаңалықтар
Көлсай көлдеріне серуендеп барған аустралиялық турист көлігімен бірге өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)
Алматы облысында туристің көлігі жолда өртеніп кетті
Фото: Видеодан скрин
Алматы облысының көрікті жерлерінде сапарлап жүрген аустралиялық турист көлігімен бірге өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Турист мінген көліктен кенеттен түтін шыға бастаған. Оқиғаға қатысты видео бірнеше сағат ішінде әлеуметтік желілерде таралып, қызу талқыланды.
Видеода көліктің салоны біртіндеп түтінге толып жатқаны көрінеді, бірақ жүргізуші қозғалысты тоқтатпайды. Көлік жол жиегіне тоқтағаннан кейін толықтай өртеніп кетті.
«Бір көлік азайды, бірақ сапарымыз сонда да жақсы өтті!» – деп видео авторы TikTok желісіне жазды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды