$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда ер адамның бойжеткенді шапалақпен ұрып, шашынан сүйреген сәт видеоға түсіп қалды

Бойжеткен ер адамның үстінен арыз жазудан бас тартты

Ақтауда ер адамның бойжеткенді шапалақпен ұрып, шашынан сүйреген сәт видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан скрин

Желіде Ақтауда түсірілген видео тарады. Кадрдан ер адамның бойжеткенді ұрып, шашынан сүйрегенін көруге болады. Бұл турал Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода ер адамның алдында жерде отырған қыз баланы бірнеше рет ұрғаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға болған жерге жақын маңдағы тұрғындардың бірі полиция шақырған.

Сондай-ақ, желіде ер адам мен қыздың қасына полиция қызметкері мінген патрульдік көлік келген сәті де жарияланды.

Аталған жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні 20-ықшам аудандағы «Кербез» тұрғын үй кешенінің жанында болған.

«Полиция оқиға орнына келгенде, жәбірленуші қыз арыз жазудан бас тартты. Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша (тыныштықты бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды», — делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары