Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

21 маусымда кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауса, кей өңірде күн ысиды

Фото: ашық дереккөзден

21 маусымда еліміздің 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. 21 маусымда тәулік бойы кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдығы 15-20 м/с жетеді. Өңірде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, болып күн 38 градусқа дейін ысиды.