Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Тоқаевтың қатысуымен

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап. 

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр.