$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жұрт иманын үйіріп отырды»: Air Astana ұшағындағы жағдай жолаушыларды шошытты

Ұшақ аспанға ұшып шыққаннан кейін 30-40 минуттан соң 10 мың метр биіктіктен 3 мың метрге дейін күрт төмендеген

«Жұрт иманын үйіріп отырды»: Air Astana ұшағындағы жағдай жолаушыларды шошытты
Фото: Air Astana-ның баспасөз қызметі

Ақтау қаласына шұғыл жағдайда қонған Air Astana ұшағындағы жолаушылардың жай-күйі түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін біртүрлі дауыстар шыға бастаған.

«Жұрт иманын үйіріп, дұға оқып отырды, әйел адамдар жылады, стюардессалардың өздері де абыржулы болды, жүздерінен қорқыныш көрініп тұрды. Бір кезде дауыс зорайтқыш арқылы ұшақтың бір жерде, далада, мәжбүрлі түрде қонатыны хабарланды. Стюардессаның дауысы дірілдеп, қорқып тұрғаны сезілді», – дейді жолаушылардың бірі.

Ұшақ аспанға ұшып шыққаннан кейін 30-40 минуттан соң 10 мың метр биіктіктен 3 мың метрге дейін күрт төмендеген.

Айта кетейік, осыған дейін Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтауда шұғыл қонғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары