$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғызстан тауларында қалған ресейлік альпинистке қатысты тың ақпарат шықты

Осыған дейін Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қалған альпинистің қаза тапқаны хабарланған

Қырғызстан тауларында қалған ресейлік альпинистке қатысты тың ақпарат шықты
Фото: Наталья Наговицынаның әлеуметтік парақшасынан алынды

Ресейлік альпинист Наталья Наговицина 23 тамызда Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қайтыс болғаны белгілі болды. Ол сапар алдында кез келген төтенше жағдай үшін турфирманы жауапкершіліктен босататын қолхатқа қол қойған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Известия» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқару операциялары қайғылы оқиғаларға ұласты

12 тамыздан бері Наговицина сынған аяғымен биіктікте шатырда қалған. Бірнеше мәрте құтқару әрекеті жасалды, бірақ олардың бірі тікұшақтың қатты қонуына, екіншісі италиялық альпинистің өліміне әкелді. Қазіргі таңда қолайсыз ауа райына байланысты құтқару жұмысы тоқтатылды.

Турфирманың жауапкершілігі мен шығындары

Құжатқа сәйкес, альпинист барлық тәуекелдерді алдын ала білген және компанияға ешқандай талап қоя алмайтынын растаған. Соған қарамастан, турфирма құтқару жұмыстарына өз қаржысын жұмсады. Италиялық мамандарды шақыруға, ұшақ билеттеріне және басқа шығындарға шамамен 1,6 млн рубль кеткен.

Серіктес жаңалықтары