Парижде Трамп, Зеленский және Еуропа елдерінің көшбасшылары кездеседі – шетелдік БАҚ
Украина қауіпсіздігі – кездесудің басты тақырыбы

Парижде 4 қыркүйек күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі өтеді. Іс-шара Франция басшысы Эммануэль Макронның шақыруымен ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі The Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесуге Еуропа жетекшілері қатысады
Кездесуге Германия канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, НАТО бас хатшысы Марк Рютте және Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен қатысады. Бұл саясаткерлер бұған дейін 18 тамызда Ақ үйдегі саммитке де қатысқан болатын.
Украина қауіпсіздігі – басты тақырып
FT-ге берген сұхбатында Урсула фон дер Ляйен Еуропада Украина аумағына әскер орналастырудың нақты жоспары бар екенін айтты. Сонымен бірге, ЕО украин армиясын қаржыландыру үшін жаңа көздерді қарастыруда. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Америка тарапынан қолдау болатынын растады.