Бұл ел ішінде қызу талқылауға себеп болды
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social парақшасында ерекше сурет жариялап, бұл ел ішінде қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Суретте Трамп Жер шарының алдында қолдарын көтеріп тұр. Оның бір алақанында Q+ символы бейнеленген.
Посттың астында «Әлем жақында түсінеді. Келе жатқан нәрсені ештеңе тоқтата алмайды» деген жазу бар.
АҚШ президенті бұл жазбаны ешқандай түсіндірмесіз жариялаған.
Бұл жарияланым америкалық қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары сурет пен жазуды түрліше жорып жатыр:
Трамптың әлеуметтік желідегі жазбалары саяси дискуссияға жиі себеп болып келеді. Бұған дейін ол түрлі бейнелер мен сөз тіркестерін жариялап, өз жақтастарын жігерлендіретін немесе қарсыластарына ишара білдіретін мәлімдемелер жасаған.