Астана әуежайы екі айға жуық уақытқа жұмысын шектейді

Автор: Дәулет Ботагөз

Әуежай әкімшілігі ресми ақпарат таратты

Фото: t.me/nqzairport

Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы негізгі ұшу-қону жолағын уақытша жабатынын хабарлады. Бұл шешім жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ұшу-қону жолағы қашан жабылады?

Әуежай әкімшілігінің ресми ақпаратына сәйкес, негізгі ұшу-қону жолағы келесі күндері жұмыс істемейді:

  •  1–4 қыркүйек 2025 жыл
  •  8 қыркүйек – 31 қазан 2025 жыл

Аталған күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшақтардың ұшуы мен қонуы уақытша тоқтатылады.

Ал 5–7 қыркүйек аралығында ұшу-қону жолағы ашық болады, рейстер кестеге сәйкес орындалады.

Жолаушыларға ескерту

Әуежай басшылығының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары кезінде рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға мынадай кеңес беріледі:

  • ұшар алдында өз әуе компаниясынан нақты уақытты тексеру;
  • әуежайға ертерек келу;
  • рейстің өзгеруі не кешігуіне дайын болу.