Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8,6 миллионнан асты
20 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8,6 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс Университетінің дерегіне сілтеме жасап.
Университет мәліметтері бойынша, әлемде 8,6 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырған. 460 мыңға жуық науқас қайтыс болды, 4,2 миллионнан астам адам сауығып шықты.
Вирусты ең көп жұқтырғандар тіркелген елдердің алғашқы бестігі:
Бұдан бөлек алғашқы ондықта Испания, Перу, Италия, Чили, Иран бар.
ДДҰ өкілдерінің айтуынша, бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 150 мыңнан астам адам тіркелген. Бұл осы күнге дейін тіркелген ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.