Қыркүйекте елімізде күн салқындайды – Қазгидромет
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

Қазақстанға салқын ауа массалары келе бастады. «Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, күздің алғашқы белгілері сезіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктер не дейді?
Республикалық «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, елімізге Батыс антициклонығысып келеді. Оның әсерінен:
- Солтүстік және шығыс өңірлерде күндізгі температура +12…+17 градусқа дейін төмендейді;
- Оңтүстік аймақтарда ыстық бәсеңдеп, +23…+28 градус шамасында болады;
- Тек Батыс Қазақстанда Ираннан келетін жылы ауа массалары әсерінен аптап сақталады – +32…+37 градус.
Күздің алғашқы белгілері
Мамандардың айтуынша, қыркүйек айының басынан бастап салқын желдер жиілеп, түнгі суық сезіле бастайды. Бұл – Қазақстандағы ауа райының күзгі кезеңге ауысуының айқын белгісі.
Неге салқындау байқалады?
Антициклон – атмосфералық қысымның жоғарылау аймағы. Оның құрамындағы салқын ауа ағыны елімізге еніп, күннің күрт салқындауына ықпал етеді. Мұндай құбылыс жыл сайын жаздан күзге өту кезеңінде қайталанады.