Астанада Нұрлы елді мекеніне баратын жол уақытша жабылады

Автор: Алмас Ерсін

Қозғалыс кіреберіс балама жолдар арқылы ұйымдастырылады

Фото: istockphoto.com

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұрлы елді мекеніне баратын жолда жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты аталған учаске 28 және 29 тамыз толығымен жабылады. Бұл ретте қозғалыс кіреберіс балама жолдар арқылы ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет», - деп жазылған хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.