$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Етпетінен жатқан: Сәкен Майғазиевтың концерт кезіндегі әрекеті желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтың қарапайымдылығына тәнті болды

Етпетінен жатқан: Сәкен Майғазиевтың концерт кезіндегі әрекеті желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)
Фото: Instagram.com/@saken_maigaziyev

Әнші Сәкен Майғазиев концерт кезінде суретке түскісі келген тыңдармандарына уақыт тауып, жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әртіс сахнадан төмен тұрған кішкентай қыздың селфи жасап тұрғанын байқап, оған жақындап барады да, етпетінен жатып суретке түседі. Желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтың қарапайымдылығына тәнті болып, алғысын жаудырып жатыр.

Сондай-ақ сахнаға шығып кеткен екі тыңдарман әншіні құшақтап, көз жасына ерік берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиев тойда болған кездейсоқ жағдайдың видеосын жариялаған болатын. Бейтаныс әйел әншінің анасына сыйлық алып келген.

«Даладай дархан пейілдеріңізден айналып қана кетейін! Тойда кездейсоқ кездескен бейтаныс апайымыз: «сені анаңды аялаған ақ жүрегің үшін жақсы көреміз», - деп, анама күміс білезік беріп жіберді. Осындай әппақ ниетіңізге Алла тағала үйіп-төгіп бере берсін», - деп жазды Майғазиев.

Желі қолданушылары да бейтаныс жанның ақ ниетіне ризашылығын білдірді.

Серіктес жаңалықтары