Аптап ыстық болады: Астана мен 14 өңірде дабылды ескерту жарияланды
Елордада аптап ыстық болады деп болжанып отыр

Синоптиктер 28 тамызда Астана мен Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Оңтүстікте, солтүстікте және батыста күн күркіреп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірлердің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз 35 градус ыстық болады, жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында батыста және солтүстікте найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында солтүстікте және шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте өте жоғары, батыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Күндіз батыста 35 градус қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Жезқазғанда – 35 градус. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында батыста және оңтүстікте 15-20 м/с жел соғады. Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында батыста, оңтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Шығыста, орталықта және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Оңтүстікте жоғары, батыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында орталықта шаңды дауыл соғады. Батыста, солтүстікте және орталықта солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 38 градус ыстық болады. Облыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстікте, шығыста және орталықта шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градусқа дейін ыстық болады. Қызылордада өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады.