28.08.2025, 00:30
Жаңалықтар
Астанада Нұрлы елді мекеніне баратын жол уақытша жабылады
Қозғалыс кіреберіс балама жолдар арқылы ұйымдастырылады
Фото: istockphoto.com
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұрлы елді мекеніне баратын жолда жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты аталған учаске 28 және 29 тамыз толығымен жабылады. Бұл ретте қозғалыс кіреберіс балама жолдар арқылы ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет», - деп жазылған хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Көп оқылған
17.07.2026, 11:50
«Жеті атаң - сенің жеті күнәң»: Астанадағы жігіттер сайысында көрермендер ел естімеген сөзді естіп, шалқасынан түсті (ВИДЕО)
17.07.2026, 11:40
ШҚО-дағы аурухана тендер ұтқан кәсіпкерлерге ақшасын төлемей жүрген: іске прокуратура араласты
17.07.2026, 12:22
Астанада қайтыс болған адамның жүрегі сол күні 60 жастағы ер адамның кеудесіне салынды
17.07.2026, 10:10
Жүзге таяу бұқа, 500 техника мен 26 елдің шаруалары: Астанада ең ауқымды ауыл шаруашылық көрмесі өтті
17.07.2026, 06:18
Астана тұрғындарының дастарханына 3 тонна шіріген ет түсуі мүмкін еді