$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде қылмыс ордасына айналған ресто-бардың қызметі тоқтатылды

Ақтөбеде сот шешімімен тәртіп бұзушылықтарға себеп болған ресто-бардың қызметі тоқтатылды

Ақтөбеде қылмыс ордасына айналған ресто-бардың қызметі тоқтатылды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде сот шешімі бойынша биыл полицияға ондаған шағым түсуіне себеп болған ресто-бардың қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері «102» пультіне осы орынға қатысты шамамен 60 хабарлама түскен. Тексеру нәтижесінде ресто-бар аумағында 10 әкімшілік құқықбұзушылық жасалғаны және 7 қылмыстық іс тіркелгені анықталды.

Сонымен қатар, түнгі уақытта мекемеде кәмелетке толмағандардың болғаны заң бұзушылық ретінде тіркелді.

Жиналған материалдар әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салу және мекеменің қызметін бір айға тоқтату туралы шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары