Қанға – қан, жанға – жан: Трамп өлім жазасын күшейту мәселесін көтерді
Ол адам өлтіргендерді өлім жазасына кесу керек екенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп қылмысқа қарсы күресте өлім жазасының рөлін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, адамдар қылмысқа әдейі барады, себебі салдарынан қорықпайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өлім жазасын қайта енгізу бастамасы
Euronews-ке сүйенсек, Трамптың айтуынша, егер Вашингтонда адам өлтіру қылмысы болса, айыпталушыларға өлім жазасын қолдану керек.
«Егер біреу ел астанасында адам өлтірсе – біз оған өлім жазасын талап етеміз. Бұл – ең мықты сес көрсететін фактор», – деді Трамп Ақ үйдегі мәжілісте.
Ол қылмысты түбегейлі жоятынын айтып, сонымен бірге федералды үкіметке тиесілі «қажетсіз ғимараттарды» сатып, мүлікті жекеге беруді жоспарлап отырғанын да жеткізді.
АҚШ-тағы қазіргі жағдай
Қазіргі таңда Вашингтонда ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру. Тек кейбір жағдайда іс федералды сотқа жіберіліп, өлім жазасын қолдану мүмкіндігі қаралады.
Алайда Колумбия округінде және шамамен жиырмадан астам штатта өлім жазасы толықтай жойылған.
Саяси реакция
Трамп сондай-ақ Балтимор, Чикаго және Нью-Йорк сияқты демократтар басқаратын қалаларға әскер кіргізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
Бұл бастама демократиялық партия өкілдерінің және құқық қорғаушылардың қатты сынына ұшырады. Сыншылар Трампты «диктаторлыққа ұмтылып жатыр» деп айыптағанымен, ол бұл мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарды.