$ 533.87  621.64  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғызстанның Ош қаласында екі көшені біріктіріп, Абайдың есімі берілді

Осыған дейін Волгоград және Тимирязев атындағы көшелерді біріктіру және қайта жаңғырту жұмысы аяқталды

Қырғызстанның Ош қаласында екі көшені біріктіріп, Абайдың есімі берілді
Фото: Ош қаласының мэриясы

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында екі көшені біріктіріп, қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының есімі берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала мэриясына сілтеме жасап.

Осыған дейін Волгоград және Тимирязев атындағы көшелерді біріктіру және қайта жаңғырту жұмысы аяқталды. Енді ұзындығы 3,8 шақырым болатын бұл жаңа көше ресми түрде Абай Құнанбайұлының есімін иеленді.

Жаңартылған көшені Ош қаласының әкімі Женишбек Токтораев, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның бас консулдары аралап көрді. Қазіргі таңда көшенің күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Жақын уақытта мұнда ұлы ақынның бюсті орнатылып, саябақ ашылады. Бұл – мәдени мұраға құрметтің және екі халықтың достығының символы болмақ.

«Абай Құнанбайұлы өзінің қоғамдық-саяси және философиялық көзқарастарымен қазақ халқының білім, мәдениет және әдебиет салаларына зор үлес қосты. Ош қаласында көше атына Абай Құнанбайұлының есімін беру – қырғыз-қазақ бауырластығын нығайтудың, ұлы ақынның мұрасын дәріптеудің, жастарды білім мен мәдениетке баулудың айқын дәлелі», – деп атап өтті Ош қаласының мэриясы.

Серіктес жаңалықтары