Тоқаев Рустами Эмомалиді марапаттады

Автор: Асыл Арман

Президент ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасын марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдағаны хабарланған болатын.