Әншінің інісі мен келіні бірлескен жазба жариялады
Әнші Қайрат Нұртастың әулетінде тағы бір оқиға болып жатыр. Әншінің інісі Заңғар Нұртас жұбайының аяғы ауыр екенін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заңғар Нұртас пен жұбайы Индира Мәуленова бірлескен жазба жариялап, ата-ана болуға дайындалып жүргендерін айтты.
«Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ», – деп жазды Қайрат Нұртастың інісі мен келіні.
Бұл – Заңғар Нұртастың екінші некесі. 9 жыл көңіл жарастырған жұп, 2022 жылы шаңырақ көтерген. Алайда бір жыл көлемінде жас жұбайлар ажырасып кеткені мәлім болды.
Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін босанғаны хабарланған болатын.