$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда Telegram арқылы есірткі сатқан топтың 2 мыңнан астам клиенті болған

Жалпы айналым 100 млн теңгеден асқан

Қостанайда Telegram арқылы есірткі сатқан топтың 2 мыңнан астам клиенті болған
Фото: ҚМА

Қостанай қаласында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл істі ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті тергеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Telegram-дағы наркошоптың 2 мыңнан астам клиенті болған

Тергеу барысында айыпталушылардың Telegram мессенджерінде «Thс Seller» атты наркошоп ашқаны анықталды. Арнайы ресурс арқылы 2 мыңнан астам адам есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 млн теңгеден асқан.

Есірткіден түскен табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлер атына рәсімделген банктік карталар пайдаланылған.

30 келіден астам есірткі тәркіленді

Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді.

Сот үкімі

Сот шешімімен айыпталушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары